Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейд
Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейд

Аудандағы жалпы мал бордақылау алаңдарының саны – 379. Оның ішінде былтыр мал бордақылайтын 100 жаңа алаң ашылды. Нәтижесінде ауданның бордақылау алаңдарында 7 мың тоннаға жуық тірі салмақта ет өндірілді. Өнім Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының базарларында өткізілуде. Сонымен қатар, ауданда 110 сүт фермасы бар. Қазір мұнда 2 мың бас сиыр сауынға байланған. Сүт фермаларында тәулігіне 4 355 тонна сүт өндіріледі. Өткен жылы 22 сүт фермасын ашу жоспарланып, іс жүзінде 26-сы ашылды. Жоспар 124 пайызға орындалды. Сонымен қатар, өткен жылы жоспарланған 3 құс фермасының орнына, 5 құс фермасы іске қосылды.
Биыл Ордабасы ауданында мал шаруашылы мен құс өсіруді дамытуға басымдылық берілуде. Бұл ретте, ауданда орналасқан ірі кәсіпорындар мен жергілікті шаруалар арасында кәсіпорындарды мал азығына қажетті шикізатпен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жандандырылатын болады.