Демалыс күндеріне ауа райы болжамы: Көпшілік облыстарда жаңбыр мен найзағай күтілуде

15 Маусым, 2019 605 0

NewsROOM+. Алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойннайды. 15-17 маусым күндеріне ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді, деп хабарлайды Stan.kz «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

Маусымның ортасы болса да, республикамыздың солтүстік жартысында ауа райы мамыр айындағыдай. Бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағаймен жаңбыр және күндізгі ауа температурасы плюс 10...20 градус шамасында күтіледі.

Мұндай ауа райы Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен байланысты. Сондықтан республиканың басқа аймақтарында да тұрақсыз ауа райы, найзағаймен жаңбыр күтіледі, бірақ мұнда жылы.

Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жаңбырға қарамастан, күндіз ауа 25...33 дейін жылиды, ал Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз және 30...39 градусқа дейін ыстық болады. 

Нұр-Сұлтан қ. ауа райы болжамы:

15 маусым: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м / с.
16 маусым: көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с.
17 маусым: көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с.

Алматы қ. ауа-райы болжамы:

15 маусым: көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде + 17 + 19°С, күндіз + 28 + 30°С. 
16 маусым: көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде + 17 + 19°С, күндіз + 26 + 28°С болады. 
17 маусым: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде + 15 + 17°С, күндіз + 27 + 29°С. 

Шымкент қ. ауа райы болжамы:

15 маусым: көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м / с, кей жерлерде 15-20 м / с.  
16 маусым: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м / с, кей жерлерде 15-20 м / с.  
17 маусым: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с.  

ГМО директоры М. Шмидт


Тегтер: 15-17маусым, ауа-райы, жаңбыр, демалыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.