Заитов алаңдаулы анасына:Мама мен жұрттың баласы емес, Ұлттың баласы болғым келеді

14 Маусым, 2019 1903 0

NewsROOM+. Танымал ақын Ринат Заитов Алматыдағы митингіден кейін туған жері Семейге ата-анасының қасына отбасымен кетіп қалған еді. Алаңға жиналған халықтың алдында сөз сөйлеп, елді біріктіріп партия құру ойында барын да айтқан болатын.

Қосановты қолдап, оған алданып қалғанын айтқан ақын елден тізерлеп тұрып кешірім сұраған еді. Осы кездерді тек бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тамашалап отырған ақынның ата-анасы қатты уайымдаған екен.

Сол жағдайға байланысты анасынан кешірім сұраған ақын көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазды KYN.KZ.

«Қайран Анашым-ай… Басыңа тауықтың ұясындай баспана да әперуге жарамаған жаман ұлың тағы шошытты ау. Кешірші. Ең бастысы сенің ұлың өтірікші емес.

Мен Халықтың көз жасын сүрту үшін сенің жасыңды амалсыз төктім. Алаңдай берме. Сен соғыс батырының қызысың ғой. «жұрттың баласы құсап тыныш жүр» дейсіз. Мама мен жұрттың баласы емес, Ұлттың баласы болғым келеді. Алла бұйырса бәрі жақсы болады»,-дейді ақын Ринат Заитов.

Ақын әрі қарайғы ойын өлең жолдарымен толықтырған.
Мама сен бұзығыңа алаңдама
Әрқашан жүрегімде бағаң дара
Періште кейпімменен сол баяғы
Сәби боп жүрмін әлі саған ғана

Балам деп еркелетсең күш табармын
Өйткені анасына құштар әркім
Өйткені шаранада жатқанымда
Мен сенің жүрегіңнен ұстағанмын.

Тегтер: РинатЗаитов, митинг, отбасы, Семей, ақын, халық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.