Әдеп кодексінің орындалуы - қатаң қадағалауда
Әдеп кодексінің орындалуы - қатаң қадағалауда

«Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексін сақтауды қадағалау, мемлекеттік қызметкерлердің имиджін жетілдіру бойынша жұмыстар жасалуда. Қазіргі таңда төрт ауданға барып, ауыл округтердегі қызметкерлермен кездестік. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс барысы, әдеп нормаларын қадағалау - басты назарда. Әр ауданда өзінің бекітілген аудан әкімі аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдері бар. Олардың жұмыстарына талдау бар, алдағы уақытта әдеп бұзушылықтарды болдырмау көзделген», - деді Түркістан облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев.Түркістан облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі мен жауапты маманның байланыс нөмірлері мен электрондық пошталары және қабылдау өткізетін күндері жөнінде хабарландырулар жергілікті атқарушы органдарға бағынатын барлық мемлекеттік органдарда ілінген. Облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі әр айдың екінші сәрсенбісінде Түркістан облысының әкімдігінде, әр айдың төртінші жұмасында Шымкент қаласындағы облыстық әкімдік ғиратында сағат 15:00-17:00-ге дейін азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау өткізеді.