Мира Раймбаева: «Жалғыз болма өмірде»

Мира Раймбаева: «Жалғыз болма өмірде»

ашық дереккөзі

 width= Раймбаева Мира Серікқызы 1986 жылы 9 мамырда Ақтөбе қаласы,  Қарабұтақ селосынды дүниеге келген. 3 баланың анасы.  Мен 10-шы сынып оқушысы едім, үйдегілердің бәрі қалаға кетті. Әкем жұмыс іздеп,  апаларым тұрмыста,  ортаншылары студент. Анам ауырып қалаға дәрігерге қаралуға кетті, өзімен бірге інім мен сіңлімді де кішкентай болғасын ала кетті. Мен ауылдағы үлкен от жағатын үйде қысты күні, өзім бір аптаны өткіздім… Ол кезде хабарласып отыруға кәзіргідей ұялы телефон жоқ. Түнде таңнын тез атуын тілеп көп нәрсені ойлап ұйықтап қалатынмын. Таң атысымен қорадағы малдарға шөп беріп, сиыр сауып,  бұзауын босатып  жіберіп, сабаққа қатысып келетінмін. Түсте мектептен келе-сала қорадағы сиыр,  қойларға жем суын беріп,  келесі көшедегі колонкадан ішетін бір бөшке суымды әкеліп аламында,  пештің түбіне келіп сабағымды оқимын. Сол уақытты бұл өмірде адамдардың жалғыз болмауын Алладан көп сұрайтын едім… Үйдегілерді қатты сағындым, жексенбі күні еді. Түсте үйге отын алып келе жатып қағбаның ашылғанын естідім, қолымдағы ағашты лақтыра сала жүгіріп барып інімді, сіңлімді артынан күлімсіреген ата-анамды көріп құшақтап мәре-сәре болдық. Үйге кіріп анам шәй әзірлеп, әкем отын жағып бәріміз ақ дастарханда көңілді шәй іштік. Шаңырақтың берекесі де, мерекесі де туғандарыңнын бір ұяда болуы екен. Нағыз бақыт осы екенғой деп сауығып келген анамның алақанына еркелеп ұйықтап қалдым.

Жүктелуде...