"Astana LRT"-нің экс-шенеуніктеріне интерпол арқылы іздеу жарияланды
"Astana LRT"-нің экс-шенеуніктеріне интерпол арқылы іздеу жарияланды

"Astana LRT" ісі қазір сотта қаралып жатыр. Күдікке іліккен 7 адам бар. Одан бөлек, тағы 2 күдіктіні интерпол желісі бойынша іздестіріп жатырмыз. Олардың қайда екенін анықтадық десек те болады. Қазір өзге де құзырлы орындармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Агенттік қызметкерлері Шымкенттегі модульдік аурухананы салатын кезде ақша ұрланған болуы мүмкін дейді. Қазір олар бұл жайтты жіті тексеріп жатыр. Әзірге нақты бір адамдар күдікке ілінбеген. Ал Алматыдағы модульдік аурухана құрылысына қатысты жайттар аудиттік тексерістен кейін белгілі болмақ", - дейді Сергей Петров.