Алғашқы болып Sputnik V вакцинасын салдырғандар кімдер?
NewsRoom
Алғашқы болып Sputnik V вакцинасын салдырғандар кімдер?
Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен вице-министр Ажар Ғиният ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Вакцинация Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада өтті. Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиниятты алдымен дәрігерлер тексерді, ал екпе алғаннан кейін олар 30 минут бойы ақ халаттылардың бақылауында болды.
Бас санитар дәрігер мен денсаулық сақтау вице-министрі өздерін жақсы сезінетіндерін айтты.