Дрон қолданудың жаңа ережесі бекітілді
Дрон қолданудың жаңа ережесі бекітілді

Он жылдан бері той-томалақ пен қоғамдық шара түсірумен айналысатын Қанат Жұмашқан соңғы шартпен мүлде келіспейді. Қанат Жұмашқан, квадрокоптермен видео түсіруші: – Қымбат дрондар болады ғой, мысалы, 4-5 млн бағасындағы, сол сатып алған жерден бізге лицензия берсе және қолдану үлгілерін үйретсе, сол жеткілікті деп ойлаймын. Ал оны заң жүзінде оқып, үйрену қатты маңызды деп ойламаймын.Әділет Рахметолла, квадрокоптермен видео түсіруші: Стратегиялық объектер бар. Солардың тізімін көрсету керек. Осындай жерлерді түсіруге болмайды деген. Егер түсіретін болсаң, айыппұл төлейсің немесе сол үшін жауап бересің деген. Мысалы жүргізуші куәлігін алғанда оңға бұрылуға болмайды, мынадай белгі бар деген сияқты ережелермен танысу керек. Ол дрон тіркеуде тұру керек. Ертең ол дрон біреудің басын жаратын болса, немесе машинасына түсіп кететін болса, сонда ол дронды алып тексереді, бұл кімнің дроны деген сияқты. Сондықтан Қазақстанның қауіпсіздігі үшін керек нәрсе деп ойлаймын. Бұл – болашақ әуе кеңістігін бақылау орталығы. Азаматтық авиация әкімшілігі дәл осы жерде ұшақтардан бөлек, пилотсыз ұшатын аппараттарға мониторинг жүргізбек ниетте. Бірақ оған дейін талай іс атқарылуы тиіс. Мекеменің бас менеджері түсіндіргендей, қазір әуедегі дрондарды бақылаудың жүйесі ойластырылып жатыр. Дрондарды тіркеу тек алғашқы қадамы ғана. Кезекте квадракоптерді ұшыру тәртібін үйрететін ұйымдармен байланыс орнату.
Питер Гриффитс, «Азаматтық авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры: – Әуе кеңістігінде аппаратты ұшыруға үйрететін мектептердің барлығы біздегі лицензиялау бөлімі арқылы тіркеуден өтуі шарт. Кейін лицензиялық бөлім мамандары сол курстарына қатысып, оқушыларға толық мәлімет беріп жатқанына көз жеткізеді. Яғни, курсанттар қауіпсіздік стандарттарының негізін ескеріп, алдағы уақытта қондырғыны дұрыс пайдалана алатындай болуы керек. Құжатта көрсетілгендей, дронды ұшыруға үйрететін курстар әзірге жоқтың қасы. Дегенмен мол тәжірибесі барлар үшін арнайы бағдарламамен мектеп ашуға жақсы мүмкіндік бұл. Тиісті лицензиясы бар курстар ашылса, саладағы жұмыс жүйелі жолға қойылмақ.