«Сократ альманахы» журналына қазақстандық клиника енді

20 Маусым, 2018 975 0

Бүгінгі күні жасыл технология өміріміздің барлық саласына дендеп ене бастады. Иә, Елбасы тапсырды, медтуризм Қазақстанда дамуы керек. Алайда, бұл жолы да тек «қағаз жүзінде» бәрін орындап тастасақ, соңында ақшадан да, білікті мамандардан да, емделуге келетін туристерден де айырылып, дымсыз қалуымыз әбден мүмкін. 

Сондықтан, бұл саланы дамытар алдын жауапты мемлекеттік органдар мәселеге жүрдім-бардым қарамай, іргетасын дұрыс қалауы қажет. Сонда ғана қазақстандықтар шетелдің клиникаларына миллиардтаған ақшаны жаратпай, өз елімізде арзан әрі сапалы ем қабылдай алады. 

Ал, шетелдік науқастар болса Қазақстан дәрігерлерінің қолынан ауруына шипасын тауып, екінші жағынан ел қазынасының қампаюына үлестерін қосады. 

Соңғы уақытта науқастарды отасыз және дәрі-дәрмексіз мықтап қолға алынуда. Дамыған мемлекеттерде классикалық, комплементарлық медицина ол Шығыс медицинасынан басталады. Осы мақсатта, Елорда төрінде келелі жиын өтіп, 18 елдің мамандары өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.


Балнұр ЖАНЫСБАЕВА

Дереккөз: http://aigak.kz/2018/06/20/sokrat-alymanah-zhurnalna-azastand-klinika-end/

Тегтер: жасан, зекейұлы, сократ, журнал, шығыс, медицина

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.