Алматыда карантин шараларына түзету енгізілді
Алматыда карантин шараларына түзету енгізілді

"Қаланың бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысына карантиндік шараларды жеңілдетуге қатысты түзетулер енгізіледі", - деді Байғабылов.Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті толық ақпаратты қосымша хабарлайтынын айтты. Еске сала кетсек, 27 қаңтарда Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада карантин күшейтілетінін хабарлады. Қала ол кезде Covid-19 инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақта болды. Ал 28 қаңтарда тиісті қауылға қол қойды. Ол бірінші ақпаннан бастап күшіне енуі тиіс еді.