Жаңалықтар

Елордалық дәріханадан 178 мың теңгенің дәрісін ұрлап кеткен

 width= Нұр-Сұлтанда дәріханадан трамадолдың үш қорабын ұрлау процесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  polisia.kz-ке сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық полиция бөліміне дәріханадан дәрі-дәрмектердің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Олар бөлмеге алдыңғы есіктен кірген. Ұрының олжасы – жалпы құны 178 мың теңгені құрайтын трамадол есірткісінің үш қорабы болды. Тергеу барысында полиция бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 28 жастағы астана тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Полиция қызметкерлері ұстаған ер адам өз қылмысын мойындағанын хабарлады. Сонымен қатар, дәріхана жанында оны күтіп, ұрланған дәрі-дәрмектерді шығаруға көмектескен оның үш танысы болды, олар бұған дейін де дәрі ұрлаумен айналысқан болып шықты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Уақытша ұстау изоляторына орналастырылып, сыбайластары да қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

https://youtu.be/p-Oz2ZT92cc