Ринат Заитов: Әблязов пен Қосановқа айтарым – еркек болса, елден кешірім сұрасын

13 Маусым, 2019 3607 0

Әзірге тыныштық. Маңайымдағы адамдардың қайсысы жанашыр, қайсысы арандатушы екені ептеп білініп келеді. Алатаудың алдына шыққан себебім -  Халыққа уәде бергенмін, алдансам алдыларыңа шығып кешірім сұраймын деп. Мен Қазақпын, ал қазақтың жігіттері екіжүзді болмауы керек. Сөзімде тұрдым!

Сол сәттегі жағдайды пайдаланып, ары қарай мені өз ойындарына кіргізгісі келетін арсыздарға ермеймін. Халық та ермейді, ақымақ емеспіз. Аблязовқа, Қосановқа айтарым еркек болса елден кешірім сұрасын. Ешқашан ешкімнен ақша да, басқа да алып,елімді алдаған емеспін. Солай болып қаламын!!! Мен халықты өзім алданған өтірікке сендіргенім үшін айыптымын. Бар кінәм сол. Сол үшін экранның ар жағынан емес Халықтың алдында кешірім сұрадым. Ол жасағаным қылмыс емес шығар. Ұлтым үшін туғанымды өлгенше дәлелдеп өтуге дайынмын! Тек уақыт беріңіздер. Қалғанын кейін айтайын...

Ринат Заитовтың instagram парақшасынан алынды.

Тегтер: РинатЗаитов, айтыскер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.