Елордадан Қарағандыға жолға шыққан жүкті әйел жоғалып кеткен
Елордадан Қарағандыға жолға шыққан жүкті әйел жоғалып кеткен
Жүктіліктің алтыншы айындағы 32 жастағы әйел Нұр-Сұлтан маңындағы ауылдан Қарағандыға жолға шығып, жоғалып кетті, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
Еріктілер мен полицияға Гүлнәр Сәрсенованың жоғалып кеткенін Александр Ершов хабарлаған, ол әйелмен бірге тұрады. Ер адам жүкті келіншек 14 қаңтарда таксимен шығып кеткенін, бірақ телефоны Қосшы ауылынан төрт шақырым жерде сөнгенін айтты.