COVID-19 вакцинасынан қайтыс болғандарға жәшіктер дайындалып жатқаны рас па?
NewsRoom
COVID-19 вакцинасынан қайтыс болғандарға жәшіктер дайындалып жатқаны рас па?
Желіде мәйіттерге арналған қораптарға салынған қаптар қоймасы көрсетілген видео қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл COVID-19 вакцинасын алғандарға арналған, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Stopfake.kz. сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бұл - жалған ақпарат.
"Сондай-ақ, видеода да, оның сипаттамасында да дайындалған қаптардың қанша ауруханаға, қалаға және елдерге арналғаны айтылмаған. Қоймадан тауарлар әлемнің әртүрлі нүктелеріне жіберілуі мүмкін, сондықтан тауарлар санының көп болуы ойға қонымды", - деп жазды басылым.