Полицейлердің жұдырықтасқан видеосы қызу талқыға түсті
NewsRoom
Полицейлердің жұдырықтасқан видеосы қызу талқыға түсті
Шымкентте полицейлер бекетте төбелесіп, ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіргені үшін үшін жұмыстан босатылды. Полицейлердің жұдырықтасқан видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Astana телеарнасына сілтеме жасап.
Кадрда патрульдердің төбелескенін көруге болады. Олардың бірі әріптесінің бетінен соққы берді. Стационарлық бекетте болып жатқанның бәрін өтіп бара жатқан адам смартфон камерасына түсірген.
Полиция департаменті роликтегі қызметкерлерін тез анықтаған. Олардың неліктен жанжалдасқаны туралы айтылмады.
"Тексеру жүргізілді. Нәтижесінде қызметтік этика нормаларын бұзғаны және ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіргені үшін тәртіптік комиссияның шешімімен патрульдік полиция полкінің екі қызметкері де атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - деп түсіндірді Шымкент Полиция департаментінің қызметкерлері.