Қазақстанда жаңадан салынатын 16 аурухананың сызбасы көрсетілді
Қазақстанда жаңадан салынатын 16 аурухананың сызбасы көрсетілді
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 2025 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда салынады деп жоспарланған халықаралық деңгейдегі 16 жаңа көпсалалы аурухананы көрсетті, - деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
"Ескірген 40 нысанның орнына 16 көпсалалы аурухана салынады - облыстық көпсалалы ауруханалар, қалалық көпсалалы ауруханалар және университеттік клиникалар. Республика бойынша аурухана инфрақұрылымын жаңарту жоспарланып отыр", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Ведомство мәліметінше, әр стационарда науқастарды емдеп, олардың диагнозын анықтау мақсатында заманауи корпустар салынады. Ол бірінші кезекте медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін дейді.