Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған көлікті ескерту ретінде жол бойына орнатып қойды (видео)

12 Маусым, 2019 996 0

NewsROOM+. Ақтау-Жаңаөзен жол трассасына апаттан сау-тамтығы қалмаған көлікті орнатып қойды. 

Бұл Маңғыстау облысының жүргізушілеріне ескерту. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ерекше белгіні 7 маусым күні орнатқан. 

Көлікті облыстық полицияның бастамасымен белгі ретінде орнатқан. 

"Көлік осы жолда апатқа ұшырады. Апаттан үш адам көз жұмды. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып түскен. Көлік апаты бұрын болғанымен, жүргізушілерге ескерту ретінде оны енді орнаттық", - дейді басқармадағылар. 

Дереккөз: stan.kz


Тегтер: Ақтау-Жаңаөзен, көлік, ескерткіш

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.