Бетперде кимеген әйелді кондуктор ұрып, автобустан шығарып жіберген
NewsRoom
Бетперде кимеген әйелді кондуктор ұрып, автобустан шығарып жіберген
Ресейде жолаушылар автобусында болған оқиға желіде тез тарап кетті, деп хабарлайды. LIFE SHOT Телеграмм-арнасының хабарлауынша, оқыс оқиға Красноярскіде болған.
Видеода кондуктор бетперде тақпаған әйелді автобустан теуіп-теуіп шығарып жібереді. Қалалық көлік басқармасындағылар соққыға жығылған әйелдің алдымен бетперде тағудан бас тартқанын, одан соң өзі кондуктордың қытығына тиетін сөздер айтқанын айтады.
Қазір кондуктор жұмыстан шеттетілген, полиция мән-жайды тексеріп жатыр.