Шымкентте жанармай бекетіндегі жарылыста зардап шеккен жігіт қайтыс болды

12 Маусым, 2019 534 0

NewsROOM+. 11 маусым күні Шымкенттегі жанармай бекетінде болған жарылыстан денесінің 98 пайызы күйген 20 жастағы жігіт қайтыс болды, деп жазады NewTimes.kz.

«Басы, мойны, беті, жалпы денесінің 98 пайызы күйген. 11 маусым күні қайтыс болды», – дейді дәрігер Мәдина Ермаханбетова. 

Еске сала кетейік, 7 маусым күні Жібек жолы даңғылындағы жанармай бекеттерінің бірінде газ жарылып, ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. 

Дереккөз: sn.kz

Тегтер: жанармай, жарылыс, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.