Жаңалықтар

Тоқаев: 42500 екінші рет төленетін болады

Тоқаев: 42500 екінші рет төленетін болады

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 42500 теңгелік жәрдемақы тағы бір қайтара төленетінін жариялады, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі   Stan.kz сілтеме жасап. "Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады. Мұқтаж отбасылар азық-түлік ала береді. Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес", - деді президент. Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай 11 мамырда аяқталатынын жариялаған болатын.