Тәжікстанда коронавирус жойылды – Эмомали Рахмон
Тәжікстанда коронавирус жойылды – Эмомали Рахмон

"Тәжікстанда коронавирус жоқ, толығымен көзі жойылды", - деді мемлекет басшысы.Алайда ел президенті жергілікті тұрғындар санитарлық талапты сақтап жүруі керегін айтты.
"Босаңсып, қауіпсіздік және қоғамдық гигиена шарасын ұмытпауымыз керек", - Эмомали Рахмон.Оның айтуынша, Тәжікстан өткен жылы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін қолдау мақсатында 1,6 миллиар сомони бөлініп, елде шұғыл түрде 30 жаңа аурухана пайдалануға берілген. Тәжікстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде соңғы 15 күнде коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген. Жалпы, ресми дерек бойынша, Тәжікстанда 13 мың адамнан коронавирус анықталса, 90 адам қайтыс болған.