ДСМ эпидемиологиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатқан үш өңірді атады
NewsRoom
ДСМ эпидемиологиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатқан үш өңірді атады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатқан үш өңірді атады. Оның айтуынша республикада коронавирус жұқтырған азаматтардың 40 пайызы – осы үш облыстың тұрғындары деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Бұл ретте Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында эпидемиологиялық ахуалды жеткілікті деңгейде бақылау жүргізіліп жатпағанын атап өту керек.
Осының салдарынан республикада коронавирус жұқтырған азаматтардың 40 пайызы – осы облыстардың тұрғындары. Осыған байланысты аталған өңірлердің әкімдері тиісті әрі тиімді шектеу шараларын енгізіп, оның сақталуына баса мән беруі керек», - деді Алексей Цой Үкіметтің кеңейтілген отырысында.