Келіншек өрттен қашамын деп балаларын 3 қабаттан лақтырған
Келіншек өрттен қашамын деп балаларын 3 қабаттан лақтырған

"Кішкентай баланы терезенің тұсына келіп бір ер адам қағып алды. Үлкені ауырырақ еді, жерге құлады. Ал әйел секірген кезде қатты құлады", - дейді куәгер.Дубовкадағы көп қабатты үйлер пешпен жылытылады және орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілмеген. Өрт сөндірушілер тағы бірнеше адамды құтқарып қалған. Оның ішінде өрттегі пәтер иесі де бар. Ол үйдің екінші жағындағы балконда өрттен жасырынған. Жалпы өрт төрт пәтерді шарпыды. Жарақат алған отбасына келетін болсақ, 10 жасар баланың жамбас сүйектері, қабырғалары сынған, миы мен өкпе контузиясы анықталды. Ең кіші алты жасар бала ғана жарақат алмаған. Әйелдің өзі ауыр халде жатыр. Ол Қарағандыға жеткізілді.
"Келіншектің жағдайы ауыр. Өйткені жұлыны зақымданған. Қазіргі таңда келіншек аяғын сезбейді. Алдағы уақытта ол ұзақ емдеуден өтуі керек", - Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері Саят Кенжебаев.