Қазақстандағы тағы екі банк арқылы зейнетақы жинақтарын алуға болады
Қазақстандағы тағы екі банк арқылы зейнетақы жинақтарын алуға болады

"Келісім уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасында бір реттік зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару және қайтару мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібін, сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді қоса алғанда, тараптардың міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды", – деп нақтылады БЖЗҚ.Бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын және мақсатты пайдалануға жіберілетін қолжетімді соманы көрсетеді.
"Уәкілетті оператор салымшылардың өтініштерін қарап, оларды мақұлдау туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ, бір реттік зейнетақы төлемдерін қордан уәкілетті операторда ашылған салымшылардың арнайы шоттарына аудару бойынша БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылдар жүргізіп, бір реттік зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуына мониторинг жасайды", – делінген сайтта.