Колледж директоры зорлаған 16 жастағы студент жүкті болып қалды

11 Маусым, 2019 924 0

NewsROOM+. Өткен аптада сот Қоқан қалалық жеңіл өнеркәсіп колледжінің директорына, оқу орнының шарушылық басшысына және тағы бір адамға үкім шығарды. Олар мемлекет мүлкін талан-таражға салды, қызмет бабын асыра пайдаланды деген бап бойынша айыпты деп танылды, деп жазды kyn.kz.

Айыпталушылар 25-тен 73 миллион сумға (3-9 мың АҚШ доллары) дейін айыппұл төлеп, сот залынан босатылған.

2018 жылдың қазан айында Өзбекстандағы  Қоқан қалалық прокуратурасы оқу орнына тексеру жүргізіп, кейін колледж директоры қызмет бабын асыра пайдаланды, студенттерді зорлады деген күдікпен ұсталған. Тексеру барысында 16 жастағы қыздың зорлану нәтижесінде жүкті болып қалғаны анықталған.

Оқу орнында «мінез-құлқы ауыр» деген 200-дей қыз оқиды.

Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі осыған дейін «Адам зорлау» бабы бойынша сот отырысының жабық өткенін, айыпталушыларға жаза берілгенін айтады. 

Тегтер: колледж, директор, сот, үкім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.