Тоқаев: Әлеуметтік желілер халықты қақтығысуға үгіттеуге пайдаланылмауы керек

11 Маусым, 2019 748 0

NewsROOM+. Кеше Ақордада өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде әлеуметтік желілер бұғатталмайды деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды newsroom.kz Елорда Инфо сілтеме жасап.

Президент өзінің әлеуметтік желіні белсенді қолданушы екенін айта келе, әлеуметтік желілердің қылмыстық мақсатта қолданылмауы қажеттігін қадап айтты.

«Менің Твиттерде өз парақшам бар, оны өзім жүргіземін. Сіздер оны жақсы білесіздер. Бірақ елімізде кешкілік уақытта әлеуметтік желілер бұғатталады дегенді естіген жоқпын. Дегенмен, бұл мәселенің анық-қанығына жетіп, құқық қорғау органдарына тиісті тапсырмалар беріледі. Бірақ менің ойымша, әлеуметтік желілер қылмыстық мақсатта пайдаланылмауы тисі. Әсіресе, адамдарды бір-бірімен қақтығысуға үгіттемеуі керек. Ғаламтор – әмбебап жүйе» деген ойын жеткізді.

Сондай-ақ, Президент Қазақстандағы ешқандай ғаламтордағы сайттарға санкция салынбайтынын, жұмысына кедергі жасалмайтынын мәлім етті.

Тегтер: тоқаев, санкция, интернет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.