Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді
Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді

"Ертең, яғни 26 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ. Бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациядан өткен өкілдері аталған іс-шараны "Қазмедиа орталығынан" дер кезінде таратуға мүмкіндік алады" делінген жазбада.