Алматы толығымен цифрлық телевидениеге көшеді
Алматы толығымен цифрлық телевидениеге көшеді

Алматыда және Алматы облысында цифрлық эфирлік телевизиялық хабар таратуды одан әрі дамыта отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жобаны іске асыру барысында 90 цифрлық радио телевизиялық станция іске қосылды. РТС-тердің көптеп орнатылуы 736 елді-мекенді цифрлық эфирлік телевизиялық хабар таратумен қамтуға мүмкіндік берді, бұл қала мен облыс тұрғындарының 99% құрайды. Осылайша, 3,8 миллионнан астам қазақстандық ақысыз және сапалы телевизиялық қызметке қол жеткізді, деп хабарлады құзырлы ведомствадағылар.Сондай-ақ, 1 ақпаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы цифрлық эфирлік теледидарға ауысады.
Цифрлық эфирлік телевизиялық хабар тарату жобасын аяқтау бүкіл ел бойынша 2022 жылға жоспарланған, - дейді әкімдік