Жаңалықтар

Тұсаукесер! «Алматы» телеарнасынан «Дала сазы» бағдарламасы көрерменге жол тартады

Тұсаукесер! «Алматы» телеарнасынан «Дала сазы» бағдарламасы көрерменге жол тартады

 width= 30 қаңтардан бастап «Алматы» телеарнасынан қазақ әнінің бар қадір-қасиетін бойына сіңірген еліміздің танымал дәстүрлі әншілері, жыршы-термешілері мен күйшілерін тоғыстыратын «Дала сазы» бағдарламасы көрерменге жол тартады, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі almaty.tv-ға сілтеме жасап. Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі ән мен күйдің алар орны ерекше. Бағдарламаның мақсаты да атадан балаға мұра болып келе жатқан, қасиетті қара даламызды ғасырлар бойы тербеп тұрған төл өнеріміз – дәстүрлі ән, жыр-термелерді, күйлерді одан әрі дамытып, өскелең ұрпаққа жеткізу, атамұра өнердің қасиетін сезіну. Сонымен қатар,  халқымыздың мәдениеті мен тарихының бір бөлігі – ұлттық аспаптардың ерекшелігі – үш ішекті домбыра мен сырлы сыбызғы үні, шертер мен жеті ішекті шертпелі аспабы жетігеннің тылысым әуені, дабылдың дауысы т.б. айтылмақ.  /> <strong>«Дала сазы» бағдарламасында</strong> дәстүрлі әншілер  Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіман, Ардақ Исатаева, Сәуле Жанпейісова, Нұржан Жанпейісов, Рауан Әділбаев, Жанқожа Аяпов, жыршы-термешілер Жәкен Омаров, Ұлжан Байбосынова, Күнқожа Қайролла, күйші Айгүл Үлкенбаева, Мұрат Әбуғазы, Батыржан Мықтыбаев, сонымен қатар дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген «Алатау» серілері, «Hassak» және «Тұран» этно-фальклор ансамбльдері мен айтыскер ақындар  Ринат Зайытов, Жандарбек Бұлғақов, Талант Арынғали, Саягүл Бірлесбек бой көрсетеді.

«Дала сазы» бағдарламасы <strong>15 тақырыптан</strong> тұрады.  Қазақ дәстүрлі музыкасындағы әзіл-қалжыңға құрылған ән-күйлер, қазақ дәстүрлі музыкасындағы махаббат, нәубет, зұлмат жылдар, қазақ ән өнеріндегі күрескер әнші-композиторлар, Абай әндері, айтыс өнері, сонымен қатар этно-фальклор ансамбльдерінің шығармашылығына арналады. <img title=