Коронавирустан кейін дәм мен иіс сезуді қалай қайтаруға болады?
Коронавирустан кейін дәм мен иіс сезуді қалай қайтаруға болады?

"Өз пациенттеріме күн сайын 20 секундтан бір затты иіскеп, жаттығуды ұсынамын. Қалампыр, сарымсақ, кардамон, даршынмен жаттығуға болады. Ағза жұмысқа белсенді қатысатын органға көп көңіл бөле бастайды және барлық ресурс осы органның жұмысын тезірек қалпына келтіру үшін әрекет етеді", - деді Будик Sputnik радиосына берген сұқбатында.Дәрігердің айтуынша, әзірге дәм сезуді қалпына келтірудің арнайы әдісі жоқ. Алайда иіс сезу дәм сезуге алып келеді.
"Иіс пен дәм сезу қатар жүреді. Дәм мен иістің бұзылуы бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан қалпына келу процесінде де бір-біріне әсер етеді", - деп түсіндірді Александр Будик.Әзірге ғалымдар коронавируспен ауырғандарда иіс пен дәм сезу қабілеті неге нашарлайтынын анықтаған жоқ. Коронавирус инфекциясынан сілекей құрамы бұзылып, дәм сезу рецепторларына жетпей ыдырап кетуі де мүмкін.