Жаңалықтар

Түркістан облысында ДЖС ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

Түркістан облысында ДЖС ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

 width= Түркістан облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілгендер саны 8293 адамды құрайды. Оның 40-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, 256-сы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер. Бұдан бөлек, облыста 7997 тыл еңбеккерлері есепке алынған, деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Қаржы министрлігінің ұйғарымымен Түркістан облысында тұратын ДЖС қатысушылар мен мүгедектеріне, яғни 40 адамға 1 млн. теңгелік бір реттік материалдық көмек берілмек. Сондай-ақ, 8251 қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне 30 мың тегеден, ал 1 блокадалық Ленинградтың тұрғыны мен концлагерьлердің бұрынғы 1 тұтқынына 60 мың теңгеден қаржылай көмек беру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Сондай-ақ, ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе тұрғын үйлерді жөндеу мәселелері де қарастырылуда. Бұл ретте Төлеби ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері Р.Джумагуловқа 2020 жылдың 7 ақпанында жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй берілгенін айта кеткен жөн.