Митинг кезінде Ринат Зайытов не үшін ұсталды? Полиция жауап берді

11 Маусым, 2019 1298 0

NewsROOM+. Айтыскер Ринат Зайытовты полиция санкцияланбаған митингіге қатысқаны үшін ұстады. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Stan.kz 

"Зайытов полицияға Алатау ауданындағы санкцияланбаған митингіге қатысқаны үшін жеткізілді. Құқықты түсіндіру жұмыстарынан кейін Зайытов үйіне жіберілді", - деді полициядағылар. 

Сондай-ақ, департамент өкілдері араға біраз уақыт салып ғимараттың алдына Зайытовпен кездестіруді талап еткен азаматтардың жиналғанын айтты. 

"Оларға Ринаттың үйінде екені хабарланды. Алайда олар сонда да тарқамады. Жиналғандардың алдында жауапкершілікті сезінген Ринат Зайытов полициямен қауымның алдына жеткізілді. Ол сол жерде халықты заңды бұзбауға және құқық қорғау органдарының айтқанын істеуге шақырды", - деп қосты полициядағылар. 

Аталған факт прокуратураның бақылауында. 



Тегтер: РинатЗайытов, митинг, полиция, санкция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.