Оралда 10 айлық сәби бактериялық жұқпадан көз жұмды

11 Маусым, 2019 525 0

NewsROOM+. Оралда 10 айлық сәби ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сәби облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде бактериялық жұқпадан көз жұмды.

Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

«Күн сайын консилиумдар жүргізілді. Телемедицина арқылы республикалық аналар мен балалар орталығы мамандарынан кеңес алынды. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті балалар аурулары кафедрасының доценті көзбе-көз кеңес берді. Соған қарамастан, бала 10 маусым күні жан тапсырды», - деді А.Сақпосынова.


Тегтер: орал, дәрігер, бала, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.