Әртіс басшылық тарапынан қысым көріп, өзіне қол жұмсамақ болды
Әртіс басшылық тарапынан қысым көріп, өзіне қол жұмсамақ болды

Нұржан ҚАРАМАНОВ, Нартай Бекежан атындағы музыкалық драма театрының Әртісі Ауызша сұранып кеттім, ол кісі иә деді. Иә дегеніне дейін барлығы диктофонға басылған. Қалай сонда сіздер мені кешегі жазған арызыма бола істеп отырсыздар ма деп едім, ол олай ол былай заңсыз деді. Менің уәждерімді тыңдамады. Енді әрі айттым бері айттым болмады. Ақыры мені өлімге мәжбүрледі. Бұл театрда әділдік жоқ.Оқиға орына жеткен учаскелік полиция Нұржан Қарамановты наркологиялық диспансерге жеткізген. Алайда сарапшылар өнер адамының қанынан ешнарсе анықтамапты. Бүгін жұмыс орнына келген Нұржан ауыздағы кіре берістен ары өте алмады. Ал театрдың басқа әртістері әріптесінің сөзін қолдап отыр. Тек басшылық сөзін сөйлейтіндерге ғана жағдай жасалған, дейді.
Асқар ОРАЗАЛИЕВ, Нартай Бекежан атындағы музыкалық драма театрының Әртісі Шындықты айтсаң жақпай қаласың, сосын саған ертең байқа бала ей, ертең мен саған көрсетемін дейді. Сосын бізде уайымдаймыз, ойлаймыз, қорқамыз. Бала-шағамыз бар. Осы күнге дейін келе жатқанымызға 10 жыл болды. Ол шындық. Он жылдың соңы әкеліп біздің бауырымыз өз-өзін пышақтап жатыр театрдың ішінде. Ол неге? Өйткені артынан қудалау басталды.
Алмагүл АРТЫҚБАЕВА, Нартай Бекежан атындағы музыкалық драма театрының әртісі 47 жыл жұмыс істейді екенмін театрда. Мен мұндайды көрген жоқпын. Бізге өзгеріс керек. Бізге бір 7-8 адам отырып алған басшы болып, бухгалтері бар, директоры бар, солардың барлығы билейді төстейді. Иә бірнарсе айтайық десек, өз атақтарын өздері бөліп алып қазір жылда атақ алады біз қалыс қаламыз. Мына өзгеріс болмай біздің театр болмайды. Бізге директордан бастап бүкіл командасын өзгертсін.Ал, театр басшылығы ұжымның талабы негіссіз дегенді алға тартады. Басшылықты жоғары жақ тағайындайды деген олар өз орындарын босатуға әзір екендерін айтады. Ал Нұржан Қарамановтың жасаған іс-әрекетіне қатысты құзырлы органға арызданамыз, деді.
Бақытбек ТЕМІРБЕКОВ, Нартай Бекежан атындағы музыкалық драма театрының директоры міндетін атқарушы Бунтовать еткені рас, ол мәселе директор кабинетінің есік алдында шешілетін мәселе емес. Оның арнайы қарайтын құзырлы органдары бар. Мен өзімнің атымнан, мекеме атынан шағым түсіргенім рас. Ал бүгінгі мәселеге қатысты жалпы әртістердің өздерінің ойы, пікірі жайлы ешнарсе айта алмаймын.Ал сөзге тартқан әртістерге директор міндетін атқарушы жауап берген жоқ. Өнер адамдары жағдай дәл осы күйінше қалса театрдың болашағы жоқ дейді. Сол себепті аймақтағы жағдайға мәдениет министрінің өзінің тікелей араласып, ал құзырлы органдар іштегі барлық былықтарды тексерсе деген талап қойды. https://youtu.be/3Lt280VyScs