Соңғы кезде жақсылығын жарнамалайтындар көбейіп кетті
Соңғы кезде жақсылығын жарнамалайтындар көбейіп кетті

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, қоғам белсендісі «Оң қолың істегенді сол қолың білмей қалсын дейді ғой. Өзің де ұмытып кетуің керек те жасаған жақсылығыңды. Өйткені сен оны Алла разылығы үшін жасап отырсың. Өкінішке орай кейінгі кезде жақсылығын жарнамалайтындар көбейіп кетті. Ол айналып келгенде жақсылық жасау ниетінен емес, адамдарды қуанту ниетінен емес, керісінше өзінің статусын, өзінің жағдайын жарнамалау».Жақсылық жасаудың жария және құпия түрі бар екені түсінікті. Осы ретте біз, бір адамға көмектессең оны елге айтудың қажеті бар ма деген сауалды қала тұрғындарына қойып көрдік. «Біреулерге көрсетіп басқаларға үлгі болуы үшін істеуге де болады. Жасырын істеуге де болады. Екеуі де рұқсат. Әркімнің амалы ниетіне қарай жазылады». «Жақсылық істеп, оны камераға түсіріп, күштілеп тұрып монтаж жасап олай көрсеткен ыңғайсыз сияқты. Өзінің беріп жатқан көмегін. «Жақсылық жасасаң оны айғайлап айтпа дейді ғой. Бұл ішіңде болуы керек. Жақсылық жасадың ба? Үндемей-ақ қой. Оның жақсылығын біреу болмаса біреу айтады». «Адамның тазалығы ішкі дүниесінде ғой. Сондықтан әр адамның өз еркісі. Басындағы миында, ойының санасында деген сияқты». «Жақсылық қылсаң жасыр, жақсылық көрсең асыр» деген аталы сөзді Арыстағы жарылыс кезінде халыққа көмектескен, карантин уақытында тұрмысы төмен отбасыларға қолғабыс тигізген азаматтарға қарата айтуға болатындай. Діни басқарма өкілі мұндай жағдайларда жария жасаудың еш әбестігі жоқ екенін жеткізді.
Хасан АМАНҚҰЛОВ, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары «Жобаға басқаларды тарту үшін бұл жерде сол беріп жатқан садақасын жария етеді. Және оны кімге беріп жатыр, шынымен мұқтаж адамға барып тиді ме? Міне, осы мақсатта егер жасалатын болса оны шариғат құптайды. Тіпті оны абзал деп біледі».Қайырымдылық ізгіліктің көрінісі. Оның қандай сәтте құпия немесе жария жасалатынын білдік. Тек ашық айтуға болады екен деп, жұрт оны арзан жарнамаға айналдырып алмаса екен. https://youtu.be/JCPkAZMfyDI