Билік митингке шыға беретін халықты диалогқа шақырды

10 Маусым, 2019 1410 0

NewsROOM+. Сайлау қорытындысына арналған баспасөз жиынында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев митингке шыққан азаматтарға арналған диалог формасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Тағы да айта кетейін, сайлаудың алдында мен құқық қорғау органдарына шерулер кезінде мейлінше ұстамдылық таныту туралы тапсырма бердім. Олар ұстамды болды. Болашақта да сондай болады, – деді ол.

Мемлекет басшысы наразылықтар басылмай тұрған осы жағдайда диалог қажет екенін атап өтті.

– Наразылықтарға келсек, бізге диалог формасын ұсыну керек. Қоғамның түрлі орталарының өкілдері енетін қоғамдық сенім комитеті құрылатынын айттым, сол жерде пікір алмаса аламыз. Менің ұстанымым – елде әрқилы, бір-біріне қарама-қайшы пікірлер бола алады, бірақ біз бір ұлт болып қала береміз. Пікірлер алуан болғанымен, ұлт біреу, – деп нақтылады Тоқаев.

Тегтер: тоқаев, билік, митинг, диалог

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.