Тоқаевқа қай өңірдің тұрғындары ең көп дауыс бергені белгілі болды

10 Маусым, 2019 751 0

NewsROOM+. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген адамдардың санын өңірлерге бөліп көрсетті.

ОСК мәліметінше, Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының тұрғындары берген. Қазіргі мемлекет басшысы мұнда 949 042 сайлаушының сеніміне ие болып, 75,89 % дауыс алған. Ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары беріпті. Оның кандидатурасын өңірдегі 147 495 сайлаушы (55,52 %) таңдаған.

Сонымен, Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерде қанша адам дауыс берді: 

  • Ақмола облысы  – 314 859 дауыс 73,16%;
  • Ақтөбе облысы   – 340 979 дауыс немесе 70,62 %;
  • Алматы облысы – 949 042 дауыс немесе 75,89 %;
  • Атырау облысы – 199 718 дауыс немесе 69,24 %;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 580 457 дауыс немесе 70,89 %;
  • Жамбыл облысы – 401 133 дауыс немесе 69,73%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 213 603 дауыс немесе 73,69 %;
  • Қарағанды облысы – 501 947 дауыс немесе 70,12 %;
  • Қостанай облысы – 357 633 дауыс немесе 73,17 %;
  • Қызылорда облысы – 299 192  дауыс немесе  75,35%;
  • Маңғыстау облысы – 147 495 дауыс немесе 55,52 %;
  • Павлодар облысы – 327 277 дауыс немесе 73,39 %;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 232 284  дауыс немесе 72,75 %;
  • Түркістан облысы – 720 855 дауыс немесе 72,21 %;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 268 019  дауыс немесе 59,19 %;
  • Алматы қаласы – 392 167дауыс немесе  66,73 %;
  • Шымкент қаласы – 257 394 дауыс немесе 67,11 %.

Қазақстанда президент сайлауы қалай өтті

Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Бұл жолы ел басқаруға үмітті жеті кандидат бақ сынасты. 

Республика бойынша 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Ал шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде 65 учаске ашылды. 

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша сайлаушылардың (сайлаушылар тізімінде 11 814 019 адам болды) 77,4 проценті дауыс беруге келген. 

10 маусымда Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. 

ОСК мәлімдеуінше, 9 маусымда өткен президент сайлауында кандидаттар келесідей дауыс жинаған: 

  • Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,76%;
  • Әміржан Қосанов - 16,02%;
  • Дания Еспаева - 5,2%;
  • Төлеутай Рақымбеков - 3,2%;
  • Амангелді Таспихов - 2,07%;
  • Жамбыл Ахметбеков -1,82%;
  • Сәдібек Түгел - 0,92%. 
Дереккөз: sputniknews.kz

Тегтер: Тоқаев, президент, сайлау

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.