Семейде 17 жастағы жас жігіт көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомстводан хабарлағандай, оқиға 22 қаңтарда сағат 17:30 шамасында болған. Қазіргі уақытта Орталық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлім 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы - Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бозбала қайтыс болды. Тергеу амалдарына байланысты оқиғаның жай-жапсары айтылмайды.