1 ақпаннан бастап Алматы халқы телеарнасыз қалуы мүмкін
1 ақпаннан бастап Алматы халқы телеарнасыз қалуы мүмкін

«Аналогтық желі өшірілетіні жөнінде барынша хабардар болуы тиіс. Оның ішінде цифрлық-эфирлік хабар тарату желісіне барынша көшуге асығу керек. Өйткені бірінші ақпаннан бастап аналогтық желіде телеарналарды көріп отырған тұрғындар телеарналарсыз қалады», – деді «ҚАЗТЕЛЕРАДИО» АҚ PR-менеджері Лира Сералина.Цифрлық форматта теледидар тамашалау үшін ескі аналогтық жабдықтар жарамсыз. Ол үшін жаңа қабылдағыш пен антенна сатып алу керек. Ал телеарналар үшін кабельдік операторға ақша төлемейсіз. Осы орайда мамандар қала тұрғындарына жаңа форматқа дайын болуға кеңес береді.