Карантин режиміне қатысты комиссия шешімі шықты
Карантин режиміне қатысты комиссия шешімі шықты
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Карантин жағдайларында өңірлерде шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының арасындағы әуе рейстерін қалпына келтіру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шараларына қатысты Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов баяндады.
Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында Мемлекеттік комиссияның бірқатар шешімдерді қабылдағанын атап өтті:
1. Барлық өңірде 2020 жылғы 27 сәуірден, ал Шымкент қаласында биылғы 1 мамырдан бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді:
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
- көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері;
- банктер мен қаржы секторының ұйымдары.
- қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдары;
- электрлік тұрмыстық техника, сонымен қатар саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер.
- көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары;
- қаржы және сақтандыру секторлары;
- сервистік қызмет көрсету салалары (ТҚС, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу).
Әкімдерге қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайлар мен балалардың ауладағы ойын алаңдарын сапалы түрде санитарлық өңдеуге, жалпы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, оған бақылау орнатуға ерекше көңіл бөлуді тапсырамын, - деді Мамин.Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар қазақстандықтарды шет елдерден елге жеткізу, ХҚКО-лар жұмысының жаңа форматын енгізу және т. б. мәселелерді қарастырды.