Сәбиді тоңазытқышта өлтірген дәрігерлердің әріптестері жазаны жеңілдетуді сұрады
Сәбиді тоңазытқышта өлтірген дәрігерлердің әріптестері жазаны жеңілдетуді сұрады

«Біздің ешқайсымыз сот үкіміне қарсы емес. Алайда өзіміздің ұсынысымызды құжат жүзінде рәсімдеп, оны мемлекет басшысына жеткізе аламыз деген үміттемін. Жазаны жеңілдету үшін шара қолдануға болады деп ойлаймыз. Себебі біздің әріптестерімізге өте қатаң жаза қолданылған. Осы уақытқа дейін олар көптеген ана мен баланы құтқарды, көп отбасыға бақыт алып келді! Болашақта да біздің әріптестеріміз көп пайда әкеле алатын еді. Медицина қызметкерлері сот процесінің біржақты өткеніне наразы», — деді облыстық перинаталды орталық директорының міндетін атқарушы Асқар Кенжеғалиев.Ол әріптестерін ақтамайтынын, сондай-ақ, мына жағдайға бей-жай қарай алмайтынын айтып өтті.
«Көп жылдық еңбекке қарамастан, осындай нәрсе болуы мүмкін дегенді көз алдымызға да елестетіп көрмедік. Осыдан кейін жас мамандардан не күтеміз, көзі жалындап тұрмаған жастар не істейді?» — деп қосты Асқар Кенжеғалиев.