Вакцина салдырмаған адам енді шетелге шыға алмайды ма?

Вакцина салдырмаған адам енді шетелге шыға алмайды ма?

"Вакцинацияға арналған электрон паспорт - профилактикалық екпе салынғаны туралы құжат. Ол жерде адам қандай препарат қабылдағаны, қандай мөлшерде және қай күні, сонымен қатар, екпеден кейін пайда болған қандай да бір белгі шыққаны туралы ақпарат тұрады. Адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғаннан кейін ол туралы ақпарат жақын уақытта eGov mobile қосымшасында шығады. Екпе алған адам туралы ақпарат және екінші вакцинаны қашан салдыруы керек туралы ақпарат болады", - дейді Нұршай Әзімбаева.Сонымен қатар, ДСМ өкілі Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салдырмағандарға қандай да бір шектеу енгізіле ме, әлде жоқ па деген сұраққа жауап берді.
"Бәлкім болашақта кей елдер профилактикалық екпе алмаған адамдарға шектеу енгізуі мүмкін. Бұл болашақтағы әңгіме. Бірақ бүгінде біздің елде екпе салдырмағандарға қандай да бір шектеу енгізуу жоспарланып жатқан жоқ", - деді Әзімбаева.Оның айтуынша, электрон паспорт үшін қосымша қаражат бөлінбеген, себебі жүйе қолданыстағы базаға енгізілмек. Нұршай Әзімбаева вакцина салатын медицина қызметкерлері алдын ала дайын болатынын айтты. Олардың оқуы 22 қаңтарда басталады. ДСМ өкілінің сөзінше, вакцина салдыру еркін түрде болады. Кез келген адам одан бас тартуға құқылы.