Алматы облысында ер адам туысын өлтіріп, оның денесін бөлшектеп қоқысқа тастаған

08 Маусым, 2019 631 0

NewsROOM+. Алматы облысында 41 жастағы ер адам фермерді өлтіріп, денесін бөлшектеп, қоқыс алаңына тастап кеткен.

Ақкөл ауданының полициясына алдымен қайтыс  болған фермердің әйелі келіп шағым түсірген. Зейнеткер күйеуінің жоғалып кеткені туралы ақпарат берген. Бірнеше күн бойы табылмаған ер адамды іздеу кезінде оның араласатын адамдар, туыстары мен жұмыс бабы бойынша қарым-қатынастағы кісілер сұралған.

Ақыр соңында марқұмның бір туысы тауға қашып кеткені жайлы ақпарат тарайды. Ұсталған күдікті тергеу жұмыстарын шатастырып мәйітті өзенге лақтырып жібергенін айтқан. Сүңгуірлер өзенді айналдыра іздеп, түбіне дейін түсіп, таппай қояды.

Күдікті ақыр соңында бөлшектенген мәйітті қайда тастағанын айтып, қылмысын толық мойындайды.

Оның мұндай қатыгездікке баруына ер адамдар арасындағы бұрыннан келе жатқан ескі дау себеп болыпты. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу, дәлел жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Дереккөз: kyn.kz

Тегтер: алматы, фермер, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.