Қазақстандық футболшы жағдайы төмен 7 балалы анаға үй сыйлады

18 Маусым, 2018 1149 0

"Астана" футболшысы Абзал Бейсебеков жеті баласы бар жағдайы төмен отбасына үй алып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталына сілтеме жасаған newsroom.kz.

Маңғыстаудағы көпбалалы отбасына үй "Харекет" қайырымдылық қорының көмегімен алынған. Аталмыш қор футболшының игі ісі туралы өз желі парақшасында мәлімдеді.

"15 үй Маңғыстау облысына қарасты Жетібай кентінен жеті баланың анасы (1-і науқас), Алла қаласа, тағы егіз перзентті дүниеге алып келуге тәуекел етіп отырған Айгүл Әбдіғаниқызы мен жолдасы Қуатбай Бақтыбайұлына бұйырды.

Бұл үйді "Харекет" қоры арқылы «Астана» футбол клубының әрі Қазақстан құрама командасының ойыншысы Абзал Талғатұлы Бейсебеков өз қаржысына алып берді! Сұңқар сияқты шашып жейтін Азаматтың берекесі арта берсін!

Қайырлы іске қарымды жəрдем берген Маңғыстау облыстық Орталық мешітінің бас имамы Смайыл Сейітбек пен мешіт жамағатына мың алғыс!", - деп жазған қордың өкілі.

 

Тегтер: абзал, бейсебеков, футбол, астана, қайырымдылық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.