БЖЗҚ-ғы ақшаны тағы бір банкіден мерзімінен бұрын алуға болады
БЖЗҚ-ғы ақшаны тағы бір банкіден мерзімінен бұрын алуға болады

"Енді Halyk Homebank қосымшасында клиенттер бір реттік зейнетақы төлемін аудару үшін қажетті арнайы шотты онлайн режимінде аша алады. Төлемдер алудың бастапқы міндетті шарты – арнайы шот ашу", - делінген хабарламада.Halyk Bank-тің баспасөз қызметі бұл фактіні растады. Айта кету керек, бұған дейін Қор зейнетақы жинағының көлемін бірнеше тәсілмен тексеруге болатынын хабарлаған болатын. Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу, сондай-ақ жеке меншік басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік беретін заң қабылданды. Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/economy/20210120/16085686/bank-zeynetaqy-zhinagy-operator.html