85 науқасты өлтіргені үшін Германия санитары өмір бойы түрме жазасына кесілді

07 Маусым, 2019 1077 0

NewsROOM+. Ольденбург неміс қаласының соты 6 маусымда медициналық қызметкер Нильс Хёгелді өмір бойы түрме жазасына кесті. Ол 2000–2005 жылдары 85 науқасты өлтірді деп айыпталды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтарына сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Үкімге сәйкес, оған мерзімінен бұрын бостандыққа шығу жеңілдігі берілмеген деп хабарлайды "Настоящее Время" телеканалы.

Хёгель сот залында қайтыс болғандардың туыстарынан кешірім сұраған.

42 жастағы санитар Ольденбург және Дельменхорстегі ауруханаларда жұмыс істеген. 2005 жылдың жазында оның бірге жұмыс істейтін әріптесі аяқ астынан Хёгельдің науқастарға шектен тыс мөлшерде дәрі егіп жатқанын көріп қалған.

2008 жылы Ольденбург соты адам өлтірмек болды деген айыппен Хёгельді 7,5 жылға соттаған. 2015 жылы оған бірнеше адам өліміне себепкер болды деген қосымша айыптар тағылды. Кейін белгілі болғандай, Хёгель 34-96 жас аралығындағы 200-дей адамға жүрек-қан тамырларын емдеуге арналған дәріні мөлшерден тыс еккен.

Тергеушілердің айтуынша, медициналық қызметкер өзінше тәжірибе жүргізуі мүмкін. Санитарды тексерген психиатр Макс Штеллер оның "паталогиялық нарциссизмге" шалдыққанын айтады.

Тегтер: германия, санитар, өлімжазасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.