Елімізде 2021 жылдың алғашқы ұлттық біріңғай тестілеуі басталды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді.
Қаңтар айындағы ҰБТ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімімен өтіп, карантинге байланысты түлектер тестілеуді 15 лек бойынша тапсырады.
"ҰБТ-ны 120 мыңнан астам адам тапсырады деп жоспарланып отыр. Олар 11 (12) сынып оқушылары, өткен жылы ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер, шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқасына ауысқысы келетін студенттер", - дейді министрлік.