Қарт әке-шешесіне қатігездікпен қол көтеретіндердің саны көбеюде
Қарт әке-шешесіне қатігездікпен қол көтеретіндердің саны көбеюде

Қарлығаш БЕКПАТША, Қоғам белсендісі «Қауын егіп, қарбыз алмайсың. Мейірім ектің бе, мейірім аласың, қатыгездік ектің бе, қатыгездікті 100 есе көп аласың. Дүние дөңгелек. Бүгінгі нәрсе, ертең міндетті түрде алдыңнан шығады»Алайда солай-ақ деп, ата-анасын аяусыз сабағандарға көз жұма қарай салған болмас. Заң бойынша жауапкершілік көзделген.
Айдос ШӘРІПЖАНОВ, Заңгер «Егер де мысалы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-анаға бала қандай да бір қол жұмсау арқылы денсаулығына зиян тигізетін болса, ол жалпыға бірдей ҚҚ байланысты толық жауапкершілікке тартылуы міндетті».Дегенмен, көп жағдайда ата-ана баласына арыз жазбайды екен. Мәселені жабулы қазан күйінде қалдырып, кешіре салғанды құп көреді. Алайда заң алдында болмаса да, Жаратқан алдындағы жауаптан қаша алмайтыны анық. Білетіндер солай, дейді.
Қарлығаш БЕКПАТША, Қоғам белсендісі «Егер ата-анаға қызмет етпей, сен Аллаға құлшылық еткенің оның құны көк тиын. Егер сен ата-анаңа солай зәбір көрсетіп, мешітке барып садақа берсең, намаз оқып, ораза ұстағаның оның ешқандай да құны болмайды. Өйткені ата-ана Алладан кейінгі бірінші кезектегі орын».https://youtu.be/CMtO82NKS08