Қызының тірі екенін дәлелдей алмай жүр

06 Маусым, 2019 554 0

NewsROOM+. Жанат Сүлейменова қызын ауруханаға емдетуге апарған. Алайда, сол уақыттан бері дәрігердің емес, әкімшілік пен соттың табалдырығын тоздырып жүр. Себебі, аурухана қызметкерлері оның қызын тірілер қатарынан таппаған.

Айжан отбасындағы бесінші перзент. Егіз туған сыңардың бірі жасына жетпей қайтыс болған. Ал Айжанның жасы бүгінде 12-де. Үйдің сүт кенжесі, ата-анасының көз қуанышы өмірде бар болғанымен, құжат бойынша өлілердің қатарында.

Жанат Сүлейменова, Айжанның анасы: «Қызым ауырып ауруханаға бардық. Басы ауыратын. Сол жердегі қыздар «ол өлілердің тізімінде қарамаймыз» деді. Содан бірі әлі жүгіріп жүрмін. Енді менің құжатымды шешіп беретін бір адам болмаған соң жүрмін әлі. Біреуі де шешіп бермейді».

Құжатты рәсімдеуге жауапты мекеме өкілі болса Айжанның өлілер қатарынан табылғанына біздің ешқандай қатысымыз жоқ деп, ат тонны ала қашты. Оның сөзінше, барлығына да жұмысы қайта-қайта үзіле беретін электеронды база кінәлі.

Қалдира Киізбай, Отырар ауданының Халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы: «Бұл адами фактор емес. Өйткені біздің базада тірі. Егер де біздің базада қайтыс болған болса, онда адами фактор болуы керек еді. Порталда қате болып тұр. Сол жақта өлі деп көрсетіп тұр. Сол жерден қызмет алған ғой, ІІМ-нің базасы қате».

Уайымнан Айжанның сырқаты да асқыныпты. Аудан әкіміне мәселені шешіп беруін өтініп талай барған. Бірақ әкіммен сөйлесу тұрмақ оның жүзін көру арман болып қалды. Бір жыл бойы табалдырықтан аттатпаған хатшының бар жауабы «өзіміз хабарласамыз» болған. Осылайша шенеуніктер мәселені шешудің емес, кінәні кімге аударудың жолын іздеп әлек. Ал Айжанның құжат бойынша қашан тірілер қатарына қайта қосылары белгісіз.

Меруерт Ахан

otyrar.kz


Тегтер: қыздыңтағдыры, ем, аурухана

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.