Назарбаев: Біз баршаға билік транзиті мәселесін шешу үлгісін көрсеттік

06 Маусым, 2019 534 0

NewsROOM+.ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзіне берілген "Құрметті сенатор" белгісі үшін сенаторларға алғысын білдіріп, Қазақстанның негізгі жетістіктерін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

– "Құрметті сенатор" атағы – сіздердің шешімдеріңіз, шын жүрегіммен алғысымды білдіремін. Көпшіліктеріңізбен баяғыдан бері бірге жұмыс істеп келемін, мен әлі де жұмыс істеуімді жалғастыра беремін, уайымдамаңыздар. Биыл президент өкілетін тоқтату жөніндегі шешішім – мемлекеттің тұрақтылығы үшін, менің соңғы 30 жыл бойы жүргізген саясатымның жалғасуы үшін қабылданған дұрыс шешім, – деді ол.

Елбасы сол жылдар ішінде көп нәрсе жасалғанын атап өтті.

– Қазір елде бәрі бар. Экономика, саясаттың барлық салалары, ішкі-сыртқы саясат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік салалар бойынша бағдарламалар бар. Енді қалғаны – бәрін мұқият орындау мен бақылау. Біздің басты жетістігіміз – елдегі тұрақтылық, тыныштық. Жан-жағымызда өртеніп жатқан әлемде тұрақтылық аралы боп отырмыз. Оны бәріміз бірге жасадық, аспаннан түсе салған жоқ. Біздің жұмысымыздың арқасы, – деп түсіндірді Назарбаев.

Сосын Тұңғыш Президент өзге елдердің өз отставкасына қандай реакция бергенін айтты.

– Өкілеттігімді тоқтату туралы шешкенде, барлық мемлекет басшыларынан хат алдым, қоңыраулар соғылды. Өзім де таң қалдым сондай реакция болғанына. Біз тағы да билік транзиті мәселесін қалай шешу керек екенін әлемге паш еттік. Мен "Нұр Отан" партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсындым. 9-ы күні біз бен сіз, халық қолдап, ол президент болып сайланады деп үміттенемін, еліміздің дамуы мен модернизациясы курсын жалғастырады деп сенемін, – деп аяқтады ол сөзін.

Тегтер: елбасы, президент, транзит

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.